Шымкентте сарапшылар форумы өтті

257
Бейбіт Атамқұлов

Өнеркәсіп саласын дамыту арқылы жұмыс орнын көбейтеміз. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов сарапшылар форумында осылай деп мәлімдеді.

Форумға Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин бастаған бірқатар ғалымдар мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Жиында Елбасы жолдауы жиналғандардың талқы-таразысына түсті.

Бейбіт Атамқұлов

Форумда облыстың инвестициялық климатын дамыту тақырыбы қызу талқыланды. Облыс басшысы алдымен осы бағытта атқарылып жатқан шараларды сүзгіден өткізіп алды. Айтуынша, бүгінде өңірге сырттан қаржы тартуға аса ден қойылған.

Ұлттық компаниямен жасалған меморондум аясында бүгінде облыста құны 9,8 млрд теңгеге 529 келісім-шарт жасалған. Осылайша негізгі инвестициялық капитал 323,3 млрд теңгені құрап отыр. Қомақты қаражат орта және шағын бизнестің дамуына жұмсалды. 200 млрд теңгеден астам қаржы шағын кәсіпорындарға бағытталып отыр.

Әкім мұны облыстың кәсіпкерлік саласын дамытудағы үздік көрсеткіш деп санайды. Жергілікті бизнес өкілдері биыл инвестиция көздерін қарастыру мақсатында Түркия, Қытай, Оңтүтік Корея елдеріне барып қайтты.

Айта кетейік, сарапшылар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдану арқылы да бизнеске жол ашуға болатын мүмкіндіктерді де шолып шықты. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының көбеюіне себеп болмақ.

Қазақстан страегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин еліміздің инвесторлар үшін тиімді екенін айтады. Себебі, сырттан келетін қаржылар көрсеткіші бойынша Қазақстанның жетістігі жетерлік.

Шараға жиналғандар облыстың басым бағыттарын жан-жақты таразылап шықты. Сарапшылар қауымдастығы еліміздегі және облыстағы күн тәртібінде тұрған маңызды мәселерді талқылау үшін осындай пікір алмасу алаңдарында бас қосуға уағдаласып тарасты.

[youtube]https://youtu.be/1tIQZ6eWjqo[/youtube]