Шымкенттіктер биыл жаңа жылды қарсыз қарсы алуы әбден мүмкін. Бұл туралы облысымыздың синоптиктері хабарлады. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, апта жауын шашынмен басталып, жылдамдығы секундына 25м-ге дейін жел тұрады.
Аптаның ортасына таман ауа райы ашық болып, 7 градусқа дейін күн жылынады. Түнде 5 градус суық. Ал шымкенттіктер күткен қар 31 желтоқсан күні де жаумайды. Есесіне, жаңа жылда күн ашық болады. Кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.
Салтанат Қоныс, «Қазгидромет» орталығының инженер- синоптигі: «Биыл жаңа жылда, 31 желтоқсан күні облысымыздың кей жерлерінде жауын-шашын жүреді. Түнде 0-5 градус аяз жүрсе, күндіз 5-10 градусқа дейін күн жылынады. Яғни 31-не қар жаумайды. Тек біріне қараған күні күтілуде.»