Жарылған газ баллоны

Шымкенттегі жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Келеңсіз ажғдай Хамза бөлімшесінде орын алған. Бұл туралы редакциямыздың тілшілеріне куәгерлер хабарлады.

Жарылған газ баллоны

Төтенше жағдай болған жерге 2 арнайы техника мен 20 өрт сөндіруші аттанды. Кейінірек оларға жедел жәрдем дәрігерлері мен апатты газ қызметі қосылды.

Газ баллоны жарылуы салдарынан қосымша құрылыстар мен жылыжайдың бір шеті өртенген. Куәгәрлер өрттің жалыны біраз жерге жеткенін айтып отыр. Дегенмен, адамдар зардап шеккен жоқ. Ғимарат та қатты бүлінбеді. Қазір келеңсіз жағдайды өрт сөндіру қызметінің анықтаушылары тексеріп жатыр.