Словакия Республикасының бизнес делегациясы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына ресми сапармен келді. Шетелдік кәсіпкерлер тобына облысымыздың инвестициялық мүмкіндіктері алдын ала таныстырылған.
Қонақтарға өңіріміздің туристік инвестициялық потенциалын көрсету үшін Түркістан қаласы және Сарыағаш ауданына қосымша сапар ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен кездесу барысында медицина саласындағы дәрігерлердің біліктілігін арттыру және жедел медициналық жәрдем бойынша мәселелер талқыланып, осы саланы жаңарту бойынша сөз қозғалды.
Словакия делегациясының ОҚО-дағы апталық сапары барысында денсаулық сақтау және туризм салаларына инвестициялау ниеті анықталды. Денсаулық сақтау және туризм саласында инвестициялық жобаларды бірегейлі жүзеге асыру мақсатында облысы әкімдігі мен «Инвест консалт» Словакия компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Осы жобаларды жүзеге асыруда облыс әкімдігінің өкілдері Словак инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендерін атап өтті.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі