Жаңа жылдық тауарлар
Жаңа жылдық тауарлар

Шымкенттіктер жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дайындалуда. Қаладағы ірі сауда орындары мен базарлар жанынан ашылған мерекелік жәрмеңкелер өз жұмысын бастап кеткен. Жаңа жылға санаулы күндер қалғанымен безендіруге арналған түрлі ойыншықтар мен шыршалардың саудасы қызып жатыр. Алайда, саудагерлердің биылғы мереке қарсаңындағы саудаға көңілі толмай отыр.

Жаңа жылдық тауарларГүлайым Қаратаева балаларының өтішімен жәрмеңкеге келді. Жаңадан шыққан шырша әшекейлерін сатып алып, отбасына мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Жәрмеңкеде шыршаның түрі-түрі бар. Биіктігіне қарай бағасы да қымбаттай береді. Жаңа жылдың символына арналған тауарды безендіруге арналған түрлі әшекейлер де осында. Карнавалдық киімдердің де таңдауы кең. Биыл мешін ойыншықтарға да сұраныс көп. Түрлі кәдесыйлардың арасында балаларға да базарлық бар.

Жаңа жылдық өнімдердің дені Қытайдан, Алматыдан әкелінген. Алайда, тауарлар таңдауы кең болғанмен, баға көңіл көншітпейді. Сатушылар биыл мерекелік саудада маза жоқ, сатып алушылар аз дейді.

Қалай дегенмен, қай мерекені де жатсынбайтын жерлестеріміз жаңа жылға дайындықты бастап кетті. Сатушылар да үмітсіз емес. Алдағы бес күнде жаңа жылдық жәрмкеңдегі сауданың қыза түсетініне сенгісі келеді.