Аула клубы

Енді жаңаталаптық балалар сабағынан тыс уақытын тиімді өткізетін болады. Осындағы жергілікті әкімдік ғимаратынан аула клубы ашылды. Мұнда балалар би үйреніп, компьютерлік дағдыларды меңгереді. Музыкалық аспаптарда ойнаудан дәрістер өтеді.

[youtube]https://youtu.be/0CZ6MmzbfLU[/youtube]

5 сынып оқушысы Луиза Тұрсынқұлова мектептен кейін осында вокалға келеді. Әнші болуды армандаған қызға бұл таптырмас мүмкіндік.

Фото21
Луиза Тұрсынқұлова

Луиза Тұрсынқұлова: «Мен сабақтан шыққасын осы үйірмеге келемін. Ән айту – менің арманым. Келешекте әнші болғым келеді. Бұл үйірменің ашылғанына қатты қуандым.»

Аула клубы екі апта бұрын ашылған. Бірақ компьютер сыныбы әлі интернетке қосылмапты. Педагогтардың айтуынша, мұнымен әлі де қалалық білім бөлімінің мамандары айналысып жатыр. Мұғалімдер оншақты тар кабинетке қысылып-қымтырылып, балаларды білімге баулып жатқанын жасырмады.

Фото21
Зулфия Кученова

Зулфия Кученова, ән салу пәнінің мұғалімі: «Бізде 10 үйірме ашылды. Әр сыныпта 30 баладан отыру керек. Сонда барлығы 300 бала қатыса алады. Мұнда 10 кабинет бар. 300 баланы біз бір уақытта жаңалықпен қамтамасыз ете алмаймыз. Балаларды топ-топқа бөліп, сабақ өтеміз. Бір кабинетке 15 оқушы отырады. Кабинеттер шамалы тары. Келешекте кеңейтіп береді деп үміттенеміз.»

Бұған қоса әлі аспаптар мен костюмдер қажет. Әзірге жеке инвентар жоқ. Бірақ, жетекшілер мен ата-аналардың көңілі қош.  Қажетті заттар  түгенделіп үлгермесе де олар балалардың бос уақытты тиімді өткізетінін қанағат етіп отыр.

Фото21