Ашынған жұрт полицейлердің үстінен «Нұр Отан» партиясына шағымданды

268

Полиция қызметкерлері қылмысты қараусыз қалдырып, істі жылы жабуды жалғастырып жатыр. Бұл жөнінде «НұрОтан» партиясында өткен қоғамдық қыбалдауда мәлім болды. Тәртіп сақшыларының жүгенсіз жұмысына арызданып келген Зейнеткер Мұхтар Керімшеев 2 жыл бұрын үйіне ұры түскенін айтады.

Қарияның айтуынша, алаяқтың бет-бейнесін көрген куәгерлер анықтама берген, оқиға орнында баукеспені растайтын түрлі айғақтар да табылған. Бірақ, құзырлы орган қылмысты анықтауға құлықсыз, тіпті, істі сот қарауына ұсынуға асығар емес. Жағдайдан құлағдар болған облыстық прокуртурасының аға прокуроры Ербол Ештаев мәселені өзі қадағалауға алып, тергеушілерге қысқа мерзімде істі шешуді жүктеді.


Ербол Ештаев, облыстық прокуратурасының прокуроры: «Қылмысты істің бұлай күрделеніп, ұзақ уақытқа кешеуілдеуі дұрыс емес. Куәгерлер мен айыптаушыдан арнайы сұрақтарға жауап алып, арызды одан әрі қарау қажет. Одан соң заң жүзінде іс қаралып, сотқа жолданады. Сондықтан, тез арада аталған арыз өз шешімін табуы үшін мұндағы мамандарға тапсырма берілді».



Бұл жолы қоғамдық қабылдауға 8 тұрғын арыздарын арқалай келген. Жерлестеріміз көбіне қылмысты істердің бұрмаланғанын және құқықтарының тапталғанын жасырмай жайып салды. Яғни, Еңбекші полиция бөліміне байланысты — 3 арыз, Абай полиция бөліміне қатысты 2 арыз түссе, тағы бір шағым Сарыағаш аудандық полиция қызметкерлеріне қатысты. Ал комиссия алқасы мәселелер тағы қаралып, жуырда шешімін табатынын айтып сендірді.