Аудан басшылары құрт ауруына шалдыққандарға жәрдемақы беруге асығар емес

464
Туберкулез

Оңтүстікте өкпе құрты ауруына шалдыққандарға арнайы жәрдемақы тағайындалды. Мемлекеттен берілетін қаржылай көмекті алу үшін науқастар тұрақты түрде ем қабылдауы тиіс. Өңірлік дәрігерлер емделушілерге осындай талап қою арқылы туберкулез ауруын азайтуды көздеп отыр. Жәрдемақыға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Ал кейбір аудан басшылары бұл бастаманың орындалуына құлықсыздық танытып отыр екен.

vlcsnap-2016-01-28-18h16m21s8

Сондау науқастардың бірі, 59 жастағы азаматтың тұрақты жұмысы жоқ. Қара жұмыстың ешбірінен бас тартпай, тапқан нәпақасымен отбасын асырауға тырысты. Есесіне денсаулығы сыр беріп, дәрігерге көрінген. Мамандар одан туберкулез таяқшасын анықтап, ауруханаға жатқызған. Енді ол көп уақытын емделуге бөлуі тиіс.

vlcsnap-2016-01-28-18h22m30s50

Алайда, бұл жәрдемақыдан облыстың көп азаматы қағылуы мүмкін. Түлкібас, Төле би, Қазғұрт, Бәйдібек және Отырар аудандарындағы науқастардың жағдайын мұндағы басшылар түсінгісі келмейтін сияқты. Себебі, жердемақыға жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге асығар емес. Тіпті, бұл мәселені әлі қарастырмаған да. Ал жәрдемақы қаңтар айынан берілуі тиіс.

Болатхан Сағымбеков, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері: «Бұл бастаманы Шымкент қаласының әкімішілігі бірден қолдай кетті. Тіпті, жәрдемақы үшін қаржы бөліп берді. Сондай-ақ, Арыс, Ордабасы, Созақ аудандары қаңтар немесе ақпан айынын бастап қаржы бөледі. Ал Сайрам ауданы тек алты айға келісім берді жердемақы беруге. Өкінішке орай басқа аудандарда бұл мәселе шешімін таппай отыр.»

Дәрігерлер бұл бастама туберкулезге шалдыққандар үшін аса қажет дейді. Өйткені емделушілердің басымы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан. Оның үстіне науқастар емді екі жыл бойы үзбей қабылдауы керек.

Ал жәрдемақы алудың өзіндік тәртібі бар. Яғни, науқас күнделікті жергілікті емханасы немесе амбулаторияға барып, дәрі қабылдағанын дәрігерлерге белгілетіп отырады.

vlcsnap-2016-01-28-18h23m01s98

Жәрдемақы көлемі әр аудан-қалада әр түрлі. Ол жергілікті қазына қаржысына байланысты. Созылмалы болатын бұл дертке қабылданатын дәрмектер де сан-алуан. Сондықтан науқастардың өзі де ем қабылдаумен қатар барынша дұрыс тамақтануға ынтызар болғаны абзал дейді дәрігерлер.