Кәсіпкерлік нысандар жоспарлы тексерулерден құтылуы мүмкін. Бұдан былай іскер азаматтар өз кәсіпорындарында ерікті түрде санитарлық-эпидемиологиялық аудит жүргізе алады. Баламалы тексеру түрі ақылы ұйымдастырылады.
Алайда облыста бұл шараларды тиісті деңгейде жүргізетін мамандар тапшы. Қолданысқа енген жаңа жүйе облыстық кәсіпкерлік палатасында талқыланды.
Жоспар бойынша келісім-шарт негізінде тексеру жасайтын аудиторлар санитарлық талаптарға сай келмейтін олқылықтарды анықтап, оларды ретке келтіру жолдарын ұсынады.
Анықталған кемшіліктер құпия сақталады және ол үшін бизнес өкілдері ешқандай әкімшілік шараларға тартылмайды. Мұндай шаралар түрлі тексерулердің алдын алып қана қоймай, улану, инфекциялық потология сияқты жайсыз жағдайларға да тосқауыл болады дейді сала мамандары.
Тексеру қызметінің бағасы бизнестің түріне, көлеміне қарай бекітіледі. Бір анығы — ауылдық елдімекендердегі кәсіпкерлер 50 пайыздық жеңілдікті пайдалана алады. Алайда, облыста бұл шараларды өз деңгейінде атқаратын мамандар тапшы. Әзірге бұл шаруа ұлттық сараптама орталығының қызметкерлеріне жүктеліп отыр.
Кәсіпкер аудит жүргізу туралы өтініші мен қажетті құжаттарын орталыққа тапсыруы керек. Әрі қарай санитарлар тиісті тексеру шараларына кіріседі. Егер нысан санитарлық талаптарға сай деп табылса, аудиторлар оң қорытынды шығарады.
Мұндай кәсіпорындар жоспарлы тексеруден босатылады. Бизнес элитаға қатысты тақырып талқыланған шараға санаулы ғана кәсіпкепкер қатысты. Жаңа жүйені таныстыру үшін палата өкілдері алдағы уақытта іскерлермен тағы да басқосуға уағдаласып тарасты.