Отырар ауданында құс фермасы жұмыс істейді

638
тауық

Отырар ауданында құс фермасы жұмыс істейді. Онда қазір 5000 бас итальян тұқымдас тауық бар. Өндіріс орнында күн сайын 4000-ға жуық жұмыртқа өндіріледі. Германия технологиясы бойынша жұмыс істейтін шағын өндіріс қазір ауданды сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр.

тауықБұл — 20 жылдан бері шаруашылықпен айнасылып келе жатқан Гүлсара Сейітжанованың алғашқы кәсібі емес. Осыған дейін түйе өсіруді қолға алып келген ол екі жылдан бері құс шаруашылығына ден қоя бастапты. Қазір оның жеке фермасында 5000 тауық бар. Нарықтың қыр-сырын жіті меңгерген азаматша өнімнің бағасын көтеруге мәжбүр болып отырмыз дейді.

Германиялық технология негізінде жұмыс істейтін кәсіпорында небәрі екі-ақ жұмысшы істейді. Бірі қондырғыларды қадағаласа, бірі тауықтардың бабын жасайды. Еңбеккерлер жалақымыз да көңілден шығады деп отыр.

Тауықтардың азығы ферманың жанынан салынған шағын қоймада дайындалады. Сапалы өнім алу үшін құстарға арнайы дәрумендер беріледі. Пайдалы қоспалар Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен алдырылады. Ғимараттың тарлығын алға тартқан ферма басшылығы алдағы уақытта қосымша құрылыс салынатынын жеткізді. Сонда тауықтар көбейіп, өнім көлемі де арта түсетін болады дейді.