Тегін дәрілер тізбегінде 200 дәрмек бар. Олардың бағасы биыл да қымбаттамайды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді көздеген жауаптылар арнайы үш жақты келісімге келген болатын.
Құжатқа сәйкес, кез-келген дәріханаларда медициналық препараттардың құны тұрақты сақталып, сәйкесінше тізімі де ілінуі тиіс. Ал мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрі тізбегі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ.
Осы құжатта көрсетілген 200 дәріден бөлек Шымкентегі дәріханаларда препараттардың құны шарықтап кеткен. Тұрақты бағаны сақтап тұруда бақылаушы мамандардың құзыры жеткіліксіз екен.