12 қаңтар күні Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 104 жыл толды. Осыған орай Шымкенттегі зиялы қауым өкілдері марқұмның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, дара тұлғаның халқы үшін жасаған еңбектерін еске алды.
Билік басында отыз жылдан аса еңбек еткен қоғам қайраткері елдің экономикасын, әлеуетін, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірген. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласының өсуіне зор ықпал етіп, елдегі жағдайды тұрақтандыруға бар күш-жігерін салған дейді митинге қатысушылар. Сондықтан болар, еткен еңбегін елегендер жыл сайын нар тұлғаның туғанын күнін ұмытпайды.