Құтқарушылар облыстағы ең ірі мешітте үгіт-насихат жасады

613

Оңтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігін насихаттау жұмыстары қарқынды жүруде. Төтенше ажғдай департаментінің мамандар түрлі әдістерді қолданып, алдын алу жұмыстарын жандандыруға атсалысып жатыр.

Осы мақсатта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жас мамандары, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Н. Педен, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Е. Тасқараев және аға инженер, азаматтық қорғау капитаны Н. Баязеров мешіттердегі жұма намаз уақытын ұтымды пайдалануда. Бұл туралы ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлайды.

Таяуда мамандар Шымкенттегі ең ірі мешітке келді. Темірлан тасжолы бойындағы ең үлкен облыстық мешіт 2013 жылы қолданысқа берілген. Бұл мешітте бірден 5000-ға жуық адам Аллаға құлшылық жасай алады.

Төтенше жағдайлар мамандары екі апта бойы жұма намазда тек қана уағыздарды тыңдап қана қоймай, келушілердің арасында өзекті мәселелердің бірі – өрт қауіпсіздігі қағидалары мен улы газ бойынша үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізді.

Мамандар мешіттің шағын залындағы садақа жәшігінің үстіне анықтама парақшаларын қойғаны сол екен, 7000-ға жуық парақшаны жамағат қолдарына алып, қызығушылығын танытты. Адамдардың арасындағы белсенділік олардың жауапкершілігін көрсетеді дейді мамандар.

Құтқарушылар осы мешіттегі үгіт-насихат жұма намазы басталар алдындағы имамдардың уағыз айту уақытына жиналған жұртқа тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ержелерін жан-жақты түсіндіруден бастады. Шымкентте болған өрттер туралы мысал келтіріп, олардың адам өміріне төндіретін қаупі сөз болды.