Германиялықтар Оңтүстік кәсіпкерлеріне қонақжайлылықты үйретуде

313
Семинар-тренинг

Германиядан келген мамандар өңірде қонақ үй жүйесін дамытуды оқытып жатыр. Бесінші ақпанға дейін жалғасатын семинарға қатысушылар әлемдік дуальды оқыту жүйесінің қыр-сырын да меңгереді. Шетелдік мамандарды кәсіпкерлік палатасының басшылары арнайы шақыртқан.

Семинар-тренинг

Шетелдік мамандар семинарды қаладағы ең зәулім «Риксос» қонақ үйінде өткізді. Өйткені күнгейлік кәсіпкерге үйрететіні — осы қонақ үй жүйесін дамытуға арналған тақырып. Онсыз да қонақжай халық енді меймандарды күтіп алудың жаңа әдісін меңгермек. Оларға көрсетілетін озық үлгідегі қызмет түрін жаңартады. Германия мамандарының пікірінше, ең алдымен дуальды оқыту жүйесін дамытқан дұрыс. Сонда ғана болашақ маман өз мамандығының қыр-сырын меңгеріп, қызығушылығы артады.

Семинар-тренингАйта өтейік, «Риксос» қонақ үйінде жастар практикасына жол ашық. Ол үшін басшылық барлық жағдайды жасап та қойған. Мұнда ай сайын тұрақты түрде 10 студент өндірістік тәжірибеден өтеді. Өзін жан-жақты танытқан жас мамандардың басым бөлігі тұрақты жұмыспен де қамтылады.

Ибрагим Гимчи, «Риксос-Хадиша» қонақ үйінің бас менеджері: «Біз оқу орындарымен келісім-шарт түзіп, жастардың дуальды оқыту жүйесіне мүмкіндік жасадық. Әрине, біз үшін де жұмысқа алар алдында маманның тәжірбиесі болғаны қажет. Студенттерге мұндағы цехтың жұмысын және асханадағы жұмыстарды үйретеміз.»

Кәсіби маманды даярлауға арналған семинар бесінші ақпанға дейін жалғасады. Қатысушылар оқыту жұмыстары соңында шетелдік әдісті меңгеріп қана қоймай, халықаралық сертификатқа ие болады.