«Гринбас» компаниясына — 1 жыл

444

Шымкенттегі ірі жолаушылар тасымалдау компаниясы алғашқы туған күнін тойлап жатыр. Нарықта бір жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Гринбас» компаниясы үздік қызметкерлерін марапаттап, құрмет көрсетті.

автобус«Гринбас» компаниясының автобустары бір жылдан бері Шымкенттік жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Жергілікті тұрғындардың оларға көңілі тоқ. Авботус жүргізушілері мен кондукторлардың жұмысы бүгінде жақсы бағаланып отыр.

Салтанатты шараға мекеме басшылығы мен қоғамдық бірлестік мүшелері, әкімдік өкілдері де келді. Сондай-ақ, компания қызметінің алға сүйреп жүрген жүргізушілер мен темір шеберлері де осында.

Әлішер Тұрақұлов — үздік жүргізушілердің бірі. Оның еңбегін елеп, компания бір жылдығына орай бағалы сыйлық тарту етті. Жүргізушілер мұнда қызметкерлердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған, тек талмай еңбек етсең болғаны дейді.

Ал басшылық компанияның нарыққа кіруінің оңай болмағанын айтады. Қазір мекеме өзінің сапалы қызметімен сенімді серіктес екенін мойындатты.

Алдағы уақытта қызмет аясын кеңейтуді көздейтін компания жаңа автокөліктерді бағытқа қояды. Сондай-ақ, мекеме жаңа жүйені жатсынбақ емес. Компания қазір электронды билет тәртібіне көшуді жоспарлап отыр.