Шымкентте компьютерлік тест орталығы ашылды

880
Тест орталығы

Шымкентте алғаш рет компьютерлік тест орталығы ашылды. Соңғы технологиямен жабдықталған орталықта оқушылар өзінің дайындығын тексере алады. Ал жергілікті билік өкілдері бұл мекеме шәкірттердің білімін жетілдіріп, қаланың тестілеу бойынша көрсеткішін жоғары деңгейге көтереді деп үміттенеді.

Тест орталығы

11-сынып оқушысы Сайлаубек Мәди — алтын белгіден үміткер. Сынаққа дайындалып жүрген үздік оқушы білімін тексеру үшін осында келді. Компьютерлік тестілеу шәкірттің білімін жетілдіріп қана қоймай, сенімділігін де арттырады дейді ол.

Замануи технологиямен жабдықталған кең әрі жарық бөлмеде бір мезетте 60 оқушы тест тапсыра алады. Электронды бағдарлама 4-11 сыныптардың тестілеу тапсырмаларына құрылған. Мұнда білім ордаларынан ұжымдық тапсырыстар қабылданады. Тест нәтижесі оқушылардың білім сапасын анықтайды, ал мамандар қортындыны сараптай келе қай пәнге ден қою керегін айтып, кеңес береді.

Тест орталығы

Орталықтің мүмкіндіктерін сынап көрген билік өкілдері де бұл жобаға үлкен үміт артып отыр. Биыл, бұйыртса, облыс орталығында 6000-нан астам оқушы мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Бүгіннің өзінде бітірушілердің 85 пайызы тестілеуге қатысуға өтініш берген.

Мұндай орталық бұған дейін Алматы қаласында ашылған екен. Жақын күндері Шымкентте тағы бір компютерлік тест орталық іске қосылмақ.