Шымкентте муай-тайдан алғашқы қала чемпионаты өтті

378
муай-тайдан чемпионат

Шымкентте муай-тайдан алғашқы қалалық біріншілік өтті. Сайысты қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырған. Жарысқа 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

муай-тайдан чемпионат

Шығыс жекпе-жегінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған № 11 спорт мектебінде өткен доданың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Ғабидолла Әбдірахымов
Ғабидолла Әбдірахымов

– Спорт-денсаулық кепілі. Спорт –ел абыройы, ұлт мақтанышы. Шаһарымызда өтіп жатқан бұл додада өзін шыңдаған жас спортшыларымыз келешекте еліміздің ғана емес, әлем чемпиондары атанатынына сенімдімін, –деді шаһар басшысы.

муай-тайдан чемпионат

Айта кету керек, Оңтүстікте ақпан айында муай-тай федерациясы құрылды. Оның президенті болып спортқа үнемі қолдау көрсетіп жүрген қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы тағайындалған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

муай-тайдан чемпионат

Сонымен, Шымкентте енді дамып келе жатқан муай-тай спортынан қала біріншілігі тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Чемпионатта әр салмақ дәрежесінде 110 спортшы жүлдеге таласты. Сайысқа бас төреші Қуандық Сұлтанғали бастаған 20 төреші қазылық етті.