Облыс бойынша мыңнан аса тұрғын үй, құрылыс жинақ банкінің салымшысы өтемақы алуға өтініш білдіріпті. Бұл туралы банк филиалының директоры Қасымбек Мәліков мәлім етті.
Банк өкілдерінің айтуынша, облыс бойынша мұндай көмекке 31 мыңға жуық салымшы қол жеткізе алады. Өтемақы 2015 жылдың 18 тамызына дейін депозитке 1 млн теңгеден асатын қаражат салған азаматтарға тиесілі.
Өтініштер халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Тұрғын үй, құрылыс жинақ банкінің клиенттерінің 467 мыңымен қайта келісім-шарт жасайды. Оларға 172 млрд теңге көлемінде өтемақы төленеді. Банк қызметкерлерінің айтуынша, бұл мақсатта банктің өз қаражатымен қоса мемлекет бюджетінен де қаржы қарастырылған.