туберкулезді тексеру

Оңтүстікте туберкулез ауруына қарсы айлық жалғасуда. Шара барысында кез келген азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша өз емханаларында толық флюрогафиялық және басқа да тексерілуден тегін өте алады.

24 ақпан күні басталған айлық аясында өңірде осы күнге дейін 5000-ға жуық азамат тексеруден өткен. Нәтижесінде 7 адамнан туберкулез таяқшасы анықталуы мүмкін деген қорытынды қойылған. Дәрігерлер диагнозды толық растау үшін науқастарға диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.


vlcsnap-2016-03-10-10h30m58s162

Ауқымды іс-шара бүкіл әлемде 24 наурыз күні атап өтілетін дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылған. Статистикаға сүйенсек, өкпе құртымен ауыратын адамдар саны жыл сайын азайып келеді.