Төтенше жағдай басқармасы

Шымкентте мереке күндері төтенше жағдайсыз өтпеді. Облыстық төтенше жағдайлар департементі мамандарының айтуынша, 6, 7 және8 наурыз аралығында кезекші операторға 5000-нан аса шақырту келіп түсіпті.

Төтенше жағдай басқармасыБұл күндері тұрғындардың дені үйде қамалып қалып, көмек сұраған. Ал наурыздың 8-нен 9-на қараған түні шаһарда 10-ға жуық өрт оқиғасы тіркелді.

Ең өкініштісі, 6 наурыз күні 5 жасар бала ауласындағы суға тұншығып қалған. Төтенше жағдай қызметкерлері мұның себебін күннің жылуымен байланыстырып отыр. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға ұмтылып, қайғылы жағдайға ұшырағын. Cтатистика бойынша, биыл былтырмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш бірнеше есеге өскен.

Нұржан Әсібаев, ОҚО төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы: «Өткен жылдың үш айында 2 адам суға кетсе, биыл бұл көрсеткіш өсіп отыр. Жыл басынан бері 9 адам суға тұншығып қалса, оның алтауы — 5 жасқа дейінгі балалар. Соңғы қайғылы жағдай 6 наурыз күні орын алды. Балалар әке-шешелерінің қарауынсыз қалған. Үй алдындағы, маңындағы көлшіктерде, арықтарда шомылмақ болып, суға батып кеткен. Ал күннің биыл ерте жылынып, шомылу маусымының ерте басталғанын ескерсек, барлық ата-аналарды сақ болуға шықырып, перзенттерін көзден таса қылмауын өтінеміз.»