Биылдан бастап мердігерлер тиісті құжаттар рәсімделгеннен кейін ғана құрылыс жұмыстарына кіріседі. Құрылысшылар бекiтiлген жобадан ауытқымауы тиіс. Ал техникалық жағынан күрделi емес деп табылған нысандарды қабылдау меншiк иесiнің құзыретіне берілген.
Тапсырыс берушi құрылысы аяқталған ғимаратты техникалық және авторлық қадағалаудан өткізіп барып, пайдалануға береді. Елбасының 5 институционалдық реформасына сәйкес еліміздің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаларына осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құрылыс саласындағы өзгерістер облыс әкімдігіндегі алқалы жиынында талқыланды.
Қолданысқа берілген нысаннан кемшіліктер анықталса, тиісті мамандар жауапқа тартылады. Мұндай олқылықтарға жол бермес үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына инженер-техник бекітілуі тиіс. Онымен қоса бұл аттестацияланған мамандар лицензиаттардың құрамында болуы қадағаланады.