Қаратау ауданында мүлікті жария етуге қатысты 500 өтініш түскен

155
Әл Фараби ауданы

Мүлікті жария ету науқаны басталғалы бері Қаратау ауданда құны 2,5 млрд теңге болатын 375 үй мен 1,5 млрд теңгенің 16 коммерциялық нысанына шешім шығарылған. Аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған комиссияға тұрғындардан 500-ден аса өтініш келіп түскен. Оның 100-ден астамы кері қайтарылыпты.

Әл Фараби ауданыҚаланың бас жоспарына, құрылыс талаптарына кереғар келетін нысандар заңдастыруға жатпайды.
Ал Әл Фараби ауданында науқан басталғалы 150 өтініш келіп түскен болса, 50 өтінішті жария етуден бас тартылған.

Айта кетейік, бүгінге дейін жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын үй, 800 мың теңгенің коммерциялық нысаны жария етіген. Өзге аудандарға қарағанда мұнда бұл шара едәуір бәсең.

Жергілікті билік өкілдері науқан басталғалы тұрғындардан шетелдегі мүлікті заңдастыру туралы бірде-бір өтініш түспеген деп сендіреді. Айта кетейік мүлікті жария ету шарасы жыл соңына дейін жалғасады.Науқан бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.