14 наурыз күні таңертеңнен Шымкенттегі әділет департаментіне жиналған қауым жұрт астаналық заңгерлердің көмегіне жүгінді.
Топ мүшелерінің сөзіне сенсек, облыстағы іс-сапарында заңгерлердің қабылдауында құқығы қорғалмаған 600 азамат келген. Оның ішінде жер дауы мен алиментке қатысты шағымдар көп түскенін айтады.