Оңтүстікте «Алтын шаңырақ» байқауы мәресіне жетті. Көпшілік осы сәтті асыға күткен. Өңіріміздегі өнегелі перзентті тәрбиелеп отырған алтын шаңырақтың анықталуын көргісі келді.
Байқаудың бс бәйгесін кентаулық Жұмашевтер жанұясы жеңіп алды. Үлгілі отбасы танылып, оқ бойы озық шыққан шаңырақ бүгінде 13 бала тәрбиелеп, 28 немере сүйіп отыр.
Ықылас Жұмашев, «Алтын шаңырақ» байқауының бас жүлде иегері: «Қуаныштымын, тіпті, жүрегіміз жарыларға шақ тұр, мұндай жеңісті күткен де жоқ едік. Біздің жеңіске жеткен себебіміз, зайыбымыз екеуміздің еңбегіміз зор, сонау ел басына күн туған заманда біз өз шаңырағымыздан балалар үйін ашып, тәрбеиеледік. Қазір ол перзенттеріміздің алды университетке түсті».
«Алтын шаңырақ» байқауы биыл алғаш рет қолға алынып отыр. Оған қатысу үшін аудан-қаладан жүздеген жанұя ниет білдіргенімен, ақтық сынға 15-і ғана жолдама алыпты. Үмтікер отбасыға қойылатын талап та бар. Яғни, отау тіккеніне 50 жылдан асуы қажет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың көздегені — көпке үлгі болар жанұямен таныстыру ғана емес.
Күлия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы: «Қазіргі қоғамда шаңырағы шайқалып, соңы ажырасуға дейін баратын отбасылар жоқ емес. Міне, бұл байқау сол қадамға жауап дер едім. Осындай үлгілі отбасын көрген бүгінгі жастолқын өнеге алады деп сенемін. Қазақтың құндылығының бірі — ол жанұя жылуы.»
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын шаңырақ» облыстық байқауының қорытындысы:
1-орнын (150 мың теңге) Кембаевтар отбасы, Төлеби ауданы.
2-орын (100 мың теңге) Ахтановтар отбасы, Қазығұрт ауданы.
3-орын (70 мың теңге) Жұмабековтар отбасы (Ордабасы ауданы) мен Мелдебековтер отбасы (Шымкент қаласы).
«Шығармашыл отбасы» арнайы жүлдесімен Мақтаарал ауданынан Мырзасейітовтер отбасы марапатталды. «Білімді отбасы» деп Сарыағаш ауданынан Кульгиновтер отбасы танылды. Ал «Ұстаздар отбасы» мәртебесін түркістандық Дүйсекеевтер иемденді.
«Үлгілі отбасы» арнайы сыйлығы Отырар ауданынан келген Әбілахановтарға берілді.«Өнерлі отбасы» арнайы жүлдесі шардаралық Муталиевтерге табысталды. «Талантты отбасы» марапаты Бәйдібек ауданының мақтанышына айналған Бекмұратовтарға тапсырылды.
«Іскер отбасы» Созақ ауданынан Тұрысбековтерге бұйырды. «Насихатшы отбасы» атты арнайы жүлдені Түлкібас ауданының намысын қорғаған Қалықұловтар отбасы қанжығасына байлады. Ал «Берекелі отбасы» жүлдесінен Арыс қаласынан қатысқан Дүйсебаевтар отбасы көрінді. Арнайы жүлделердің жүлде қоры — 50 мың теңге.