Полиция

ПолицияЕрте жүктілік ертеңімізге балта шабады. Шымкенттегі №88 мектепте бәлиғат жасына жетпей ана атанғандар туралы сөз қозғалды.

Білім ошағының шәкірттері, құқық қорғаушылар, дәрігерлер мен психологтар бас қосқан жиында қажетсіз жүктіліктен сақтану жолдары түсіндірілді. Ал ұстаздар қауымы тал бесіктен басталатын тәрбие-тағылымын сөз етті.

Оған қоса бұл ретте педагогтар мен ата-аналардың тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керегі ескерілді. Айта кетейік, жыл басынан бері Қаратау полиция бөлімінің шұғыл желісіне ерте жүктілікке қатысты екі қоңырау түсіпті.