Мақтаарал ауданында көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Үш мың тонна өнім сақтауға арналған орынды жергілікті дихандар көптен күткендерін айтады.
Қазірдің өзінде мұнда қырыққабат, сәбіз, қызылша сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері сақтаулы. Осыған дейін шаруалар еккен өнімдерін сақтай алмағандықтан, егістік алқабында шірітіп алған.
Шаруалардың айтуына қарағанда отандық ауыл шаруашылығы тауарларына Еуропа елдері мен Ресей халқының сұранысы басмы. Алайда, ауданда логистика саласы кенже қалып қойғандықтан, дихандар өнімдерін сыртқа тасымалдай алмаған. Айта кетейік, алдағы уақытта қойма кеңейіп, типтік сақтау орындары салынады.