Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясының жеңімпаздар форумы өтті

413

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының жеңімпаздар форумы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы – өңір басшысы мен өңірлік сайлауалды штабының мүшелері мен партия жақтаушылары, белсенді жастар қатысты.

– Қадірлі ағайын! «Нұр Отан» партиясы ең көп дауыс жинады, – деді Бейбіт Бәкірұлы. – Демек, біздің ел тұрақтылықты таңдады. Демек, біздің халық Елбасы саясатын қолдайтынын кезекті рет көрсетті. «Нұр Отанның» жеңісі – бүкіл елдің ортақ жеңісі! Жеңісіміз құтты болсын, ағайын! Елбасымыз жасасын! «Нұр Отан» жасасын!

Саяси науқан кезінде оңтүстікқазақстандықтар белсенділік танытып, дауыс беруге асқан жауапкершілікпен қарады. Бір миллионнан астам жерлесіміз сайлау күні азаматтық таңдауын жасап, дауыс берген. Бұл өңірде дауыс беруге құқылы азаматтардың 85,06 % деген сөз.