«Сбербанк» акционерлік қоғамы еншілес банкінің Шымкент қаласындағы филиалына биыл 5 жыл. Банк ұжымы мерейтойды ерекше атап өтті. Қаладағы Ж. Шанин атындағы академиялық драма театр сахнасына тұтынушылар мен қала тұрғындарын жинап, мерекелік кеш сыйлады.
Мерекелік фуршет, тәттілер мен сусындар. Кешке жиналғандар алдымен арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Қонақтарды қонақжайлылығымен күтіп алған банк ұжымы алғаш Шымкентте осыдан 5 жыл бұрын жұмысын бастаған-ды. Халықтың сеніміне кіріп, сапалы қызмет көрсететін «Сбербанк» акционерлік қоғамы еншілес банкінің басқару өкілі Александр Камалов келушілерді мерекемен құттықтады.
Александр Камалов, «Сбербанк» акционерлік қоғамы еншілес банкінің басқару өкілі: «Сбербанктің» есігі клиенттеріміз үшін әрдайым ашық. Әрі олардың сенімінен шығып, үнемі сапалы қызмет көрсету үшін барымызды салудамыз. Осы орайды сіздермен бірге болған банк ұжымынан атынан келушілерді және әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз.»
Бүгінде банкте білімін шыңдап, біліктілігін көрсете білген 100-ден аса маман халықпен тығыз жұмыс жасайды. Филиалдың 60 мыңнан аса клиенті бар. 1500-дей корпоративтік мекемемен байланыста қызмет етеді. 5 жылдық мерейтойда құрылғалы бері банк серіктесіне айналып, сенім білдірген клиенттерге мақтау қағаздары табысталды.
Банктің мерейтойына жиналғандар тамаша мерекелік концерттік куәсі болды. №1 Ж. Омарова атындағы балалар саз мектебінің оқушылары әннен шашу шашып, мың бұралып би биледі. Айтпақшы, банк басшылығы талантты балаларға қолдау білдіруді қолға алыпты. Аталған мектепке дыбыс жазу студияға қажетті құрылғылар мен музыкалық аспаптарды сыйға тартты.
Шымкентте «Сбербанк» филиалының екі құрылымдық бөлімшесі жұмыс жасайды. Аталған мекеме ұжымы 2015 жылы «Даму кепілі» бағдарламасын іске асыруда белсенділігімен көзге түсіп, үздік деп танылған. Ал банктің сапалы жұмыс көрсеткіші халықтың қаржылай қызмет сұранысының артуына тікелей байланысты.