«Шымкент» сауда үйінің тұтынушысы көлік ұтып алды

345
Көлік ұтып алу

Қаламыздағы орталық әмбебап дүкен атауымен кеңінен таныс «Шымкент» сауда орталығына биыл 30 жыл толды. Атаулы дата аясында орталық басшылары тұрақты тұтынушыларына құрмет көрсетті. Арнайы ұтыс ойынын ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Безымянный

Зергерлік бұйымдар мен ақшалай сертификаттар, тұрмыстық техника сыйланған ойынның басты сыйлығы — темір тұлпар болды. Бұл күні тұрақты деген бес мыңға жуық тұтынушы ұтыс ойнына қатысты. Соңғы 3 ай аралығында 10 000 теңге көлемінде сауда жасаған әрбір азамат бағалы сыйлықтан үмітті болды. Оларға сауда үйі 100-ге тарта сыйлық дайындаған.

Көлік ұтып алу

Ортаға қойылған дөңгелек барабан айналдырылып, бағы жаңған тұтынушылар өз сыйлықтарын ала бастады. Бірі теледидарға ие болса, енді бірі 8 наурыз қарсаңында өзіне қымбат тон сыйлады. Ал көптен күткен жауапты сәт көпшілікті толқытты. Барлығы да су жаңа «Ниссан Альмераның» қожайыны атанғасы келді-ақ.

Алайда ұтыс бір ғана азаматқа тиесілі. Сонымен, темір тұлпар Перизат Жұмадуллаеваға бұйырды. Көлік кілтін қолына ұстаған жан жеңіске жеткенін бірден сезіне алмағанын айтады.

Перизат Жұмадуллаева
Перизат Жұмадуллаева

Перизат Жұмадуллаева: «Өте қуаныштымын! Шыны керек, 10 000 теңгеге сауда жасап, көлік ұтып алам деп мүлде ойламап едім. Ұйымдастырушыларға мың алғыс!»

«Шымкент» сауда орталығы 30 жылдан бері тұрғындарды сапалы тауарлармен қуантып келеді. 150 дүкені бар орталықта соңғы үлгідегі сәнді бұйымдар мен тауарларды сатып алуға мүмкіндік бар. Ұымдастырушылардың сөзінше, алдағы уақытта мұндай ұтыс ойындар жиі ұйымдастырылып, келушілер қатарын көбейтпек.