Шымкентте әлеуметтік нанның бағасын қымбаттатуға негіз жоқ. Салаға жауаптылар әлеуметтік қордан бөлінетін ұн жеткілікті деп сендіреді.
Қазір қалада ас атасын пісіретін 40-қа жуық наубайхана жұмыс істеп жатыр. Күн сайын 70 тоннадан астам ұннан нан пісіріледі. Айта кетейік, қазір наубайханаларда әлеуметтік нан бағасы 38 теңгеден босатылып жатыр.
Ал дүкен сөрелерінде ас атасы 40 теңгеден саудалануда. Баға тұрақтылығын қадағалау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Салаға жауаптылар нанның бағасы күн сайын бақыланып отырады дейді.
Дегенмен, арнайы жұмыс тобынан айылын жимайтын кәсіпкерлер де жоқ емес. Соңғы үш айдың өзінде ас атасының нарқына қатысты 50-ге жуық шағым түскен.
Егер нан бағасының негізсіз шарықтауына куәгер болсаңыз, шұғыл желіге шағым түсіре аласыз. Ол үшін 54-85-06 телефонына қоңырау шалсаңыз болғаны.