Тегін заттардың алғашқы әлеуметтік орталығы ашылды

372
әлеуметтік сауда орталығы

Шымкентте алғаш рет жағдайы төмен тұрғындарға арналған әлеуемттік орталық ашылды. Облыстық кәсіподақтар орталығының ұйытқы болуымен ашылған орталықта киім-кешек пен балалар ойыншықтары бар.

әлеуметтік сауда орталығыҰйымдастырушылар бұл бұйымдар арнайы тізім бойынша тұрмысы төмен азаматтарға тегін үлестіріледі дейді. Ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған киім-кешектермен қоса аяқ киімдер де алдырылыпты.

Айта кетейік, қайырымдылық шараға жергілікті демеушілер қолқабыс еткен. Тегін бұйымдарға қарқ болған жұртшылық қаржылық дағдарыс кезінде мұндай көмек сауапты іс болады дейді.