«ShymkentBuild-2016» халықаралық көрмесі өтті

«ShymkentBuild-2016» халықаралық көрмесі өттіОблыс орталығында «ShymkentBuild-2016» халықаралық көрмесі өтті. Алыс-жақын шетелдік және отандық құрылыс компаниялары өз өнімдерін ұсынды. Көрме орталығында құрылыс саласының соңғы жаңалықтары мен озық дизайн үлгілері таныстырылды.

Иілгіш тас, декоротивті сылақ, ғимаратты жылытуға арналған түрлі материалдар шыны мозайкалар да осында. Көрме сарапшыларының сөзіне сенсек, бұл шара отандық және шетелдік компаниялардың бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашады. Мамандардың өзара тәжірибе алмасуына, сондай-ақ құрылыс нарығына инвестициялар тартуға көмектеседі.

Айта кетейік, осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған «ShymkentBuild» көрмесі екі күнге жалғасты. Шараның алғашқы күнінде 20-ға жуық келісім-шарт жасалып, екі жақты әріптестікке жол ашылды.