Шымкенттік студенттер сенбілікке шықты

427

Шымкенттік студенттер сенбілік тазалау жұмыстарын жасыл желекті аймақта өткізді. Бадам орман шаруашылығына қарасты Комсомол көлінің аумағынын қоқыстан тазалап, көктемдік дала жұмыстарын бастады. Биыл алғаш рет өткізілген тазалық шарасына жастар белсене қатысып, қаланың жасыл белбеуін көріктендірді.

Шымкенттік студенттер сенбілікке шықты

Бадам орман шаруашылығына қарасты Комсомоль көлінің жалпы аумағы 600 гектардан асады. 2015 жылы мекеме жасыл желекті аймақ болып құрылған. Шаруашылық тиесілі жерлерді көріктендіру, қоқыстан арылту — басты жұмыстардың бірі. Өйткені аумақты тазарта отырып, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға болады дейді табиғат жанашылары.

Бұл жолы сенбілікке қатысқан студенттердің көбі болашақ экологтар. Ұйымдастырушылар бұл мамандық иелерін қоғамдық жұмыстарға белсене араластыра отырып, жастарды табиғатты қорғауға баулып, Шымкенттің таза қала статусын көтермек.