14 наурыздан бастап маңғыстаулықтар Амал мерекесін тойлауды бастайды. Бұл күн жылдың және күн мен түннің теңелуінің басы саналады. Бұл күні тұрғындар бір-бірімен көрісіп, қыстан аман-есен шығуымен, жаңа жыл келгенімен құттықтайды.
Бір-бірінің үйлеріне қыдырып, қонақ болады. Өкпе-реніштері болса, бір-бірінен кешірім сұрайды. Осы көрісу күніне орай шымкенттік жастар да бір бірімен күлімдесіп көрісті. Мал мен жан амандығын білісті. Қыз бен жігіт болып, әзіл-қалжың аралас айтысып, сөз таластырды.
Қазақта көрісу күні ертеден тойланады. Бұл туралы Шәкірімнің еңбектерінде айтылады. Ұлы Абай шығармаларында да «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деген өлең жолдары кездеседі. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында өткен шара Наурыз нақыштарын насихаттауға арналды.