Оңтүстікте көліктің астында қалып, зардап шеккен 1,5 жасар сәби есін жиды. Қазіргі сәтте Мәлік Ақнұров көзін ашып, ата-анасын қуантып отыр. Тәбеті де жаман емес.
Қазір Мәліктің анасы жол апаты болғанда Фольцваген көлігінде отырған 3 жолаушының үстінен полицияға шағым жазған. Ләззат Жаханшаева өз көлігін машина басқаруға құқығы жоқ әрі мас адамға басқаруға берген көлік иесін жауапқа тартуды талап етеді. Бұған қоса жол апаты болған кезде көлікті тастай қашқан екі жолаушы да жауап беруі тиіс дейді ана.
Ал қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру ісі жалғасуда.