Бадам индустриалды аймағынан құрал-жабдық цехы ашылады

315
Бадам индустриалды аймағынан құрал-жабдық цехы ашылады

777777777777777777777777777Жуырда Бадам индустриалды аймағынан сорғыларға қажетті құрал-жабдықтар шығаратын өндіріс іске қосылады. Тың бастама, әсіресе, жергілікті «Карлскона» компаниясы үшін тиімді болмақ. Жаңа зауыт іске қосылғанда қосалқы бөлшектерін Германиядан алдыртып отырған серіктестіктің тауарлары арзандай түспек.

Отандық нарықта 10 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын жылына 2500 сорғы мен дискілі бұрылмалы бекітпе шығарады. Құрылғылардың көбі су құбыры жүйелері үшін таптырмайды. Сорғыларға бес жылдық кепілдік беріледі.

Жарамдылық мерзімі жиырма-отыз жылдан асады. Отандық нарықты қамтып, Ресей. Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдеріне өнім экспорттап отырған серіктестік басшылары тауар айналымына қаржылық дағдарыстың салқыны тиіп отырғанын жасырмайды.

Нағыз отандық өнім осылай сұлба сызудан басталады дейді зауытта конструктор болып жұмыс істейтін Ахмет Бейсенбаев. Алпысты алқымдаса да әлі күнге еңбектен қол үзе алмай келе жатқан маман жас буын заманауи құрылғылармен қызыға жұмыс істеуі керек дейді. Себебі, кезінде бұл қоныдырғыларға қол жетпегенін айтады.

Экономикалық тығырықтан шығу үшін серіктестік кызу ізденісте. Жуырда электр қуатымен жүретін мотоцикл шығармақ. Өндіріс басшылары жылуды реттейтін жаңа құралдарға да отандық кәсіпкерлердің қызығушылығы оянады деген сенімде. Онымен қоса жыл аяғына дейін іске қосылатын қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың да серіктестік үшін маңызы зор.