Оңтүстікте «Достық сыйы» акциясы басталды. Игі бастама аясында өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері бір-біріне сый жасауда. Шараның алғашқы күнін түрлі ұлт өкілдері думандата тойлап, өзара татулықтарын біріктіре түсті.
Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған мұндай шара өңірде алғаш рет өткізілуде. Мамандар осындай бастамалар арқылы түрлі ұлт өкілдері арасында өзара татулықты нығайтпақ. Сондай-ақ бұл шараның басталуы 1 мамыр — Достық күніне орай өткізілуде.
Бүгін армян этно-мәдени орталығы түрік халқына арнайы келіп, алғысын білдірді. «Бәріміз бір қазақстандықпыз» ұранын ұстанғандар елдің тыныштығы мен бірлігін сақтауға бекінген. Түрлі ұлт-өкілдері бір-біріне сый көрсетіп, естелікке сыйлықтарын тартуда. Сондай-ақ, армяндардың алғысын арқалаған түріктер күрд этно-мәдени орталығының өкілдеріне құттықтап келді.
Айта кетейік, өңірде жиырмаға жуық этно-мәдени бірлестігі жұмыс істейді. Акция аясында түрлі ұлт өкілдерінен құралған орталықтың мүшелері бір-біріне тарту жасайды. Игі бастама 1 мамырға дейін жалғаспақ.