Түркістанда кәсіпкердің үстінен арыз жазып, ақша бопсалағандар ұсталды

325
Түркістанда арыз жазып, ақша бопсалағандар ұсталды
Ұсталғандар

Түркістанда ақша бопсалаушылар ұсталды. Өзара сөз байласқан үшеу жергілікті кәсіпкердің ісіне кедергі келтірумен айналысқан. Сол әрекеттерін тоқтатуды талап еткен кәсіп иесінен қомақты қаржыны бопсалағандар ақша алып жатқан кезде қолға түсті.

Түркістанда арыз жазып, ақша бопсалағандар ұсталды
Ұсталғандар

Түркістанның тұрғындары оңай ақша табудың өзгеше әдісін таппақ болса керек. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ақша бопсалаймын деп жүріп, қолға түскендер — жұмыссыздар. Жастары алпысты алқымдап қалған үшеуі қосылып, жергілікті кәсіпкердің өрге домалап отырған дөңгелегіне таяқ салмақ болыпты. Сондағысы — бас салып, кәсіпкердің үстінен жан-жаққа домалақ арызды қарша боратады.

Әбдімәлік Байзақов, ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы: «Үшеуі кәсіпкердің үстінен әкімдікке және тағы басқа тексеру органдарына арыз жазады. Кәсіпкердің үстінен. Кейін сол арыз жазуларын тоқтату үшін ірі көлемде ақша бопсалаған.»

Арызданған азаматқа тәртіп сақшылары көмекке келді. Келісілген күні бопсалаушылар мен кәсіпкер кездеседі. 50 мың АҚШ долларын шетелдік валютамен шытырлатып отырып санап алған бопсалаушылар алысқа ұзай алған жоқ. Адым аттамай жатып, полицияның қолына түсті.

Түркістанда арыз жазып, ақша бопсалағандар ұсталды
50 мың АҚШ доллары

Күдіктілер 50 мың долларды алған жерде-ақ бөліп-бөліп тастаған. Бірі ақшаны қалтасына салса, енді бірі шұлығына тығып қойыпты. Дегенмен, барлығын тауып алған полицейлер қазір 57, 60 және 63 жастағы күдіктілердің үстінен қылмысты іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Түркістанда арыз жазып, ақша бопсалағандар ұсталды
50 мың АҚШ доллары