Шымкентте жолақының көтерілуі негіссіз. Жалпы ұлттық социал-демакратиялық партияның өңірлік филиал мүшелері осылай дейді. Бұл туралы қоғам жанашылары тәуелсіз сарапшылардың қатысумен өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
Сондықтан, жолақыны көтеру мәселесі жан-жақты талқыланып, билік өкілдері шешімді асықпай қабылдау тиіс дейді. Оған қоса партия өкілдері жылдан жылға жарыса көтеріліп жатқан коммуналды қызмет құнының көтерілуіне де қарсы.
Несіпжан Әмірова, тәуелсіз сарапшы: «Депутат, әкім мырзалар халықтың қамын ойлап жатқан жоқ. Антимонополия комитеті не үшін коммуналды қызмет бағасының негізсіз көтерілуін бақыламайды? Бұл комитеттің жұмысын реттеу қажет. Антимонополия комитетінің қасына көмектесетін бөлім ашып беру керек.»