«Балдәурен-2016» байқауы басталды

333

Күнгейдің ең талантты бүлдіршіндері анықталып жатыр. Бүгін облыстық «Балдәурен-2016» өнер байқауы басталды. Эстрада, дәстүрлі, классикалық ән жанры және би ұжымдары бақ сынайтын сайысқа аудан-қалалардан 7-14 жас аралығындағы үміткерлер жолдама алған. Енді олардың қабілет-дарынын жергілікті өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалап жатыр. Төрағасы — Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Құрманбек Шойынбай.

Құрманбек Шойынбай, қазылар алқасының төрағасы: Үміткерлер саны көп, бірақ арасынын тек үздігін таңдау қажет. Қазылар алқасына таланттарды таңдап, оның бойындағы өнерді бағалау оңайға соғып жатқан жоқ. Дегенмен бүлдіршіндердің дайындығының жоғары екенін ерекше атап өткім келеді.

Айта өтетін ақпар, биылғы «Балдәурен» байқауына 300-ге тарта талантты бала жолдама алған. Ал өнер бәсекесінің жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталады.