«Біз біргеміз» акциясы 1 маусымға дейін жалғасады

279
пандустардың кемшілігі анықталып жатыр

Мүгедектерге қолжетімді орта құру баршаға ортақ міндет. Өңірдегі «Біз біргеміз» акциясы 1 маусымға дейін жалғасатын болды. Естеріңізде болса, осы жылдың 20 сәуір мен 20 мамыры арылығында жеке меншіктегі нысандарға мүгедектердің еркін кіріп-шығуына мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін барлық аудан, қалаларда арнайы топ құрылып, акция басталған болатын.

пандустардың кемшілігі анықталып жатыр
пандустардың кемшілігі анықталып жатыр

Шара басталысымен  бір ай ішінде жұмыс істеген 129 мобильдік топ облыстағы 1835 нысанның жұмысын зерделеп, тиісті актілер толтырды. Тексерілген нысандардың  тек 283-нде құрылыс нормаларына сәйкес пандус орнатылғаны белгілі болды. Қалған 330 нысанда пандустар стандартқа сай салынбаса, 1244-нде мүлдем жоқ. Осыған байланысты, облыстағы 165 кәсіпкермен құны 15,6 млн. теңге болатын меморандум түзілді. Бұл қаржыға нысанның кіреберіс және қозғалыс жолдарын, қызмет көрсету аймағын бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Акция қорытындысы негізінде еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.