Оңтүстікте Достық каналына жеткіншек батып кетті. Бұл жайында суыт хабар 5 мамыр күні кешке түседі. 112 нөміріне қоңырау шалғандар Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылына жақын жерде Достық каналына 15 жасар жеткіншектің батып кеткенін хабарлайды.
— Облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының 5 құтқарушысы көрсетілген мекенжайға кешкі сағат 19:15-те аттанды, — дейді жасақтың ресми өкілі Павел Вишенин. — Достық каналына сүңгуірлер түнгі сағат 23:33-те жетті. Олар бірден іздеуге кірісіп кеткен.
Сол түні сағат 00:10-да жеткіншектің денесі табылды. Өкінішке қарай, бозбала 3 метрлік тереңдікке тұншығып қалған. Қазір қайғылы жағдайды полицейлер анықтау үстінде.