Шардарада есірткі сатушы қолға түсті

273
Шардарада есірткі сатушы қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер 50 жастағы есірткі сатушыны ұстады. Шардара аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адамның марихуана есірткісін сатумен айналысатынын туралы хабар берген.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 1965 жылғы азамат ұсталды. Ол бұған дейін ұрлыққа қатысты сотты болған.

Шардарада есірткі сатушы қолға түсті

Полицейлер күдіктінің үйіне тексеру жүргізген және сіріңке қорабынан өсімдік тектес есірткі затын тәркілейді. Сот-криминалды сараптамасына сай тәркіленген заттың марихуана, ал жалпы салмағы 30 гр екені анықталды. Мұнымен қоса тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен заңсыз сақталған 60-тан аса аңшы қаруының оғын тапты.

Шардарада есірткі сатушы қолға түсті

Тергеу барысында анықтағаны, күдікті есірткі затын Түркістан қаласынан алып келіп, үйіне сіріңке қорапқа сақтаған. Сәуір айының басында ол бір сіріңке қорабын өзінің танысына 3 мың теңгеге сатып жібереді. Қалғандарын сатып алушы іздеп жүргенде қолға түсіп отыр.

Шардарада есірткі сатушы қолға түсті

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 287 (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 297-баптары (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.