//
Шымкентте «Оңтүстік барысы» анықталды Спорт 

Шымкентте «Оңтүстік барысы» анықталды

Шымкентте «Оңтүстік барысы» анықталды. Оңтүстік Қазақстан облысында түйе палуандар арасында өткен ауданаралық жарыстарда іріктелген 22 палуан ақтық кезеңде сынға түсті.

Шымкентте «Оңтүстік барысы» анықталды

«Оңтүстік барысын» бапкерлер Шымкентте орналасқан жоғары шеберлер спорт мектебінің ғимаратында анықтады. Белдесуге келген палуандардың салмағы 80 келіден төмен болмауы тиіс. Жарыс басынан-ақ шымкенттік Жұманазар Ерсұлтанов ептілік танытты. Белдесуінің басым бөлігін таза жеңіспен ұтты.

Шымкентте «Оңтүстік барысы» анықталды

Еске салсақ, Жұманазар «Қазақстан барысы» сайысында қоладан алқа таққан болатын. Тәжірибелі палуан бұл жолы да бас жүлдені жеңіп алды. Ордабасының тумасы 150 мың теңге мен республикалық «Қазақстан барысына» жолдамаға ие болды.

Ал екінші орынды және 75 мың теңгені Нұрсұлтан Мыңғышев еншіледі. Өткен жылы да бұл жарыста күмістен алқа таққан жерлесіміз биыл да сол көрсеткішін қайталай білді. Енді қос палуан 3 шілде күні Астанада өтетін «Қазақстан барысында» облыс намысын қорғайтын болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz