Шымкенттегі жолаушылар аялдамаларында арнайы тақтайшалар орнату жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы диспечерлік қызмет көрсету орталығының мамандары күн сәулесінен қуат алып, жолаушыларға электронды бағыт беретін тақтайша орнатты.
Бұған дейін үш аялдамаға арнайы карта қойған болатын. Жаңа орнатылған тақтайшаға автобустардың бағытын қадағалайтын GPS қондырғыларын қосу жоспары да бар. Сала мамандарының айтуынша, бұл қондырғы Кореядан алынған, әрқайсының құны 300 мың тенгеден асады.