Қаланың тазалық жұмыстарына халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де белсене қатысып жатыр. Сенбілікте мекеме қызметкерлері көшелер мен саяжайларды қоқыстан тазалап, қоғамдық орындарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізіді. Сондай-ақ, ағаштар отырғызып, қаланың көріктендіру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Олардың қатарында мекеме басшылығынан бастап орталықтың 500-ге жуық мамандары бар. Бұл жолы сенбілікте атсалысқандардың қатары көбейген. Мұны орталық басшысы мекемеде қызмет ететін кадрлардың көбеюімен түсіндіреді.