Жауынгерлерге құрмет көрсетілді

472

Күнгейде жеңіс таңын сыйлаған жауынгерлерге құрмет көрсету жалғасып жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіхам Шілтерхановты мерекемен арнайы құттықтап, сый-тартуын табыстады. Небәрі 18 жасында қан майданға аттанып, жауға қарсы күрескен жауынгер отты жылдарды еске алды, қаруластарын сөз етті.

Қарт жауынгер меймандар алдында Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизиянда автоматшылар ротасында болып, 1944 жылы Ленинград блокадасын бұзу шайқасында аяғы мен басынан ауыр жарақат алғанын айтып берді. Госпитальде ем алған ардагер елге келіп жылдар бойы комсомол ұйымында еңбек еткен.

Бүгінде 91 жастың төрін бағындырған қария жанына қаламын да серік етіпті. Осы уақытқа дейін 13 кітабы жарық көрген кейіпкеріміз 6 перзент өсіріп, 16 немере, 19 шөбере сүйіп отыр.