Шымкентте жоғалып кеткен 12 жасар қыз табылды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2016 жылдың 22 мамыры күні Қаратау полиция бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын арызданып келіп, Нұрсәт шағынауданындағы үйінен 2004 жылы туған қызы Насыр Балнұр Бахытжанқызы 22 мамыр күні кешкі сағат 21:00-де үйінен шығып кетіп, жоғалғанын айтқан.
№80 орта мектептің 5 сынып оқушысын іздеуге ОҚО ІІД криминалды полиция басқармасы, Қаратау полиция бөлімі мен өзге де басқармалардың кәсіби қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылған-ды.
Тәртіп сақшылары қыздың суреті бар сипаттама қағазды адамдар жүретін жерлерге іліп қойған. Сондай суреттегі қызға ұқсас оқушыны сағат 15:30 шамасында көрген балалар мұғалімдеріне қоңырау шалып, хабар береді. Ол азамат Балнұрды өзі оқитын мектебіне ертіп әкеліп, полиция хабарлайды.
Бір күн жоқ болып кеткен Балнұрмен психологтар жұмыс істеген соң ата-анасының қолына тапсырды.