Жетім көрсең жебей жүр. Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры «Бауыржан» балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуанышқа кенелтті. Түрлі ойындар ойнатып, тәтті тағамдарын әзірлеуді үйретті.
Мереке себепкерлеріне арнап дәмді пиццаның мәзірін жасап, аспаздар соңғы жұмыстары аяқталарына дейін балалардың бас қасында болды. Пешке қойылған ас дайын болғанша ортада мультфильм кейіпкерлері балалардың көңілін аулады. Шуақ шашқан бүлдіршіндер қосылып ән айтып, би де биленді.
Кез келген мейрам сыйлықсыз болмайды.Сәйкесінше, барлық бүлдіршін бұл шарадан да құр қол қайтпады.