Асар шағынауданында жекеменшік сектордан бөлек көп қабатты үйлердің құрылысы қарқын алған. Құрылысты бас мердігер «Ақ орда» корпорациясы жүргізуде. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес үйлер қазан айында аяқталуы тиіс. Дегенмен, құрылысшылар нысанды екі ай бұрын пайдалануға тапсырамыз деп ниеттеніп отыр. Мұнда салынып жатқан 35 үйде жапы саны 900 пәтер бар.
«Нұрлы көш» бағдарламасы аясында бой көтеретін жаңа шағынаудан Асарда орналасқан. Мұнда салынып жатқан бес қабатты үйлер қалашыққа ерекше сән беретін күн жақын. Құрылысы 2015 жылдың мамыр айында басталған үйлердің негізгі жұмыстары аяқталып, құрылысшылар әрлеуге кіріскен. Әрқайсысында 1, 2, 3 бөлмелі 30 пәтер бар.
Нұржан Сексенов, құрылыс учаскесінің басшысы: «Бұл үйлердің басты ерекшелігі — әр бөлмеде өзінің дербес жылу қондырғысы бар. Тұрғындар қандай температураны қаласа да, өзі біледі. Тіпті, өшіріп қойса да болады.»
Дәл осындай 18 үй көшенің екінші бетінде орналасады. Ондағы пәтерлердің саны — 540. Баспаналардың жобасын «Гео-Проект» серіктестігі әзірлеген. Енді инженерлік коммуникацияларды нысан тарту және көріктендіру жұмыстар қалды дейді мердігер.
Инвестор » Бәйтерек девелопмент» АҚ өкілдері нысанды қабылдап алады. Содан кейін, бұйыртса, бір-екі айда пәтер кезегінде тұрғандар баспаналы болады.